Көрсетілетін қызмет сапасы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ұзынсонар кезек. Қостанай қалалық екінші емханасының бас дәрігерімен кездесуде пациенттер осы мәселелерді көтерді. Емдеу мекемесінің басшысы әрбір сұраққа жауап беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндады
Қазіргі күні емхананы тұрғындар өздері таңдауға құқылы. Бұл, әрине көрсетілетін қызмет сапасына байланысты. Қостанайдағы нөмірі екінші емдеу мекемесіне тіркелген қалалықтар аз емес. Бұнда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық қызмет түрлері қолжетімді.