Қостанай облысында соңғы екі аптада 31 адамды кене шаққан. Оның сегізі – балалар. Дені облыс орталығы мен Рудный қаласының тұрғындары.

Мамандардың айтуынша, биылғы көктем жылы болған соң, қансорғыштардан да қауіп ерте басталған. Ал медициналық көмекке жүгінгендердің арасында қауіпті дерт жұқтырғандар жоқ. Алайда мамандар қазір жабық киініп, бас киіммен жүруге кеңес береді. Ал табиғат аясына шыққанда әрбір екі сағат сайын денені тексеріп отырған абзал. Кене шаққан жағдайда бірден жақын жердегі емханаға жүгіну керек.