Қостанай қаласына іргелес ауылдарда мал ұстап, күн көріп отырған тұрғындар бар. Көп емес. Бірлі-жарым қара мал, қой-ешкі көбі. Алайда ветеринарлар соның өзін бақылауда ұстай алмай отыр. Былтыр бір ірі қарадан бруцеллез ауруы табылған. Облыс орталығында сол сияқты иесіз ит-мысық мәселесі де өзекті. Шаһарда «Жасыл дәліз» науқаны өтеді. Оның қандай пайдасы болмақ? Гүлім Қажымқызының репортажы.
Былтыр эпизоотияға қарсы жұмыстарды жүргізу үшін бөлінген 7 млн 118 мыңның 6 млн 148 мыңы ғана жұмсалған. Қалған қаражаттың игерілмеуі мал басының азаюымен байланысты. Ал жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алуға 888 мың теңге қарастырылып, оның 865 мың теңгесі игерілген.