Қостанайдың әуежайында ерекше мерекелік атмосфера орнады. Оркестрдің үні және жанкүйерлердің құрмет-қошеметімен әйелдер арасындағы бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы Надежда Рябецты жерлестері қарсы алды. Спортшы Моңғолияда өткен байрақты бәсекеде жеңіп алған алтын медалін туған жеріне алып келді.

Әуежайдағы кездесудің ең тебіреністі сәті Надежданың ата-анасымен қауышуы болды. Олар қыздарын туған жер топырағында алғашқылардың бірі болып құттықтады.

Надежданың бұл жеңісі Қостанай бокс мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.