Қостанай қаласының тұрғыны Владимир Шремф екі аптадан бері өзінің тірі екенін дәлелдей алмай әлек болған. Анасының дүниеден өтуіне байланысты құжат рәсімдемек болған ол, күтпеген жерден өзінің өлімі туралы куәлік алған. Аман-сау адамның қағаз жүзінде қаза болуына кімнің салғырттығы себеп? Толығырақ тілші тарқатсын.
Соңғы екі аптадан бері Владимир Шремфтің ішкені ірің, жегені желім. Көз жұмған анасын жерлеп күйзеліп жүргенде, кездейсоқ өзінің де о дүниелік болғанын естіп, жағасын ұстайды. Анасын жерлеу рәсіміне қажетті құжаттарды жинау кезінде оған тиісті органдар осындай анықтаманы қолына ұстатқан.