Сарыкөл ауданында ҚазКСР-дің еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты Нәзира Дәулетованың 100 жылдығына арналған іс-шара өтті. Саналы ғұмырын мәдениет саласына арнаған білікті кітапханашы еліміздегі Ұлттық кітапханада 25 жылға жуық басшылық қызмет атқарған. Өткен іс-шарада оның елеулі еңбегі мен қоғам игілігі үшін атқарған істері кеңінен баяндалды.