SuperStar KZ - Қазақстандағы таланттарды іздеуге арналған алғашқы ірі телевизиялық жобалардың бірі. Ол 2000-жылдардың басында эфирге шығып, қысқа уақыт ішінде елдегі ең танымал музыкалық бағдарламасының біріне айналды. Биыл аңызға айналған шоу қайтадан үлкен экранға оралады. Ел бойынша қызу дайындық жүріп жатыр. Қостанайда іріктеу кезеңі 15 сәуірде өтеді.

Биыл «SuperStar KZ» араға 23 жылға жуық уақыт салып, қайтадан көрерменге жол тартпақ. Болашақ қатысушылар да жобамен қатарлас өскен буын деуге болады.