Өткен жылы облыс орталығында мыңнан астам апат тіркеліп, 300-ден астам бала зардап шеккен. Осыған байланысты мамандар қауіпсіздік мәдениетін ерте жастан қалыптастыруға басымдық беріп отыр. Оқушыларға арналған арнайы сабақ ұйымдастырылып, әрбір жағдай жіті талданды. Әр қателіктің соңы қандай салдарға әкелетіні түсіндірілді.
Телефонға телміріп, жаяу жүргіншілер жолағын, бағдаршамды елемеу. Жолдағы қауіп бір сәттік қателіктен басталады. Ал оның салдары кейде орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Күнделікті қаперде ұстау керек ережелерді полиция қызметкерлері мен прокуратура тағы бір мәрте еске салды. Оқушылар жолдағы түрлі жағдайларды сахналап, жаяу жүргінші мен жүргізуші рөлін өздері орындады.