Қостанайда жол үстіндегі заңбұзушылықты автоматты түрде анықтайтын тағы бір құрылғы іске қосылады. Ол «Ekin Box Spotter» деп аталады. Негізгі мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жолдағы қауіпсіздікті арттыру. Ерекшелігі неде? Полицейлер түсіндірді.

Автоматты құрылғының жұмыс істеу механизмі қарапайым. Мұндағы жоғары сапалы камера жол үстіндегі көлік құралдарының әрқайсысын бақылайды. Жылдамдықты асырған жүргізушінің темір тұлпарын дереу тіркеп, «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жібереді.