Қостанайда қылмыс 20 пайызға төмендеген. 647-ден 517 фактіге дейін азайған. Сонымен қатар, ашылу деңгейі де жақсарып, 67 пайызды құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға жоғары. Осы және өзге де ақпараттар қалалық әкімдікте өткен жиында айтылды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарға полиция басқармасы ерекше назар аударады. Атап айтқанда, есепте тұрған тұлғалармен мекенжайлық жұмыс жүргізіліп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілген. Оның нәтижесінде...