«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Қанат Шарлапаев өңір экономикасының драйверлері саналатын басым бағыттардың - өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік құрастыру саласының жұмысымен танысты. Бірқатар ірі өндіріс орындарын аралап, өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын бағамдады.
Сапар алдымен Баян Сұлу кондитерлік фабрикасынан басталды. Кәсіпорында жаңа өндірістік желілер іске қосылып, бисквит өнімдерінің кеңейтілген түрлерін шығару жоспарланып отыр. Жоба аясында жергілікті шикізатты пайдалану көлемі артып, жүздеген жаңа жұмыс орны ашылмақ.