Өнер арқылы өзіңді танытып, студенттік шақты жарқын ету. Осындай ұстанымды ту еткен «Студентвижен» байқауы Қостанай төрінде өнерлі жастардың басын қосты. Әлемге әйгілі Евровидение форматынан шабыт алған жоба биыл өзінің алғашқы мерейтойын атап өтуде. Байқау оныншы рет ұйымдастырылып отыр. Тілшіміз Анель Пимичева ұмытылмас мерекенің куәсі болды.