Қостанай ауданында санитарлық-тазалық айлығы басталды. Бүгін қоршаған орта жанашырлары орталық алаңға жиналып, елді-мекенді абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты. Қоқыс жинап, саябақ пен жаяу жүргіншілер жолын тазалады. Табиғат – баршамызға ортақ құнды байлық. Сол себепті де қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың парызы. Сенбілікке жиналғандар осындай пікір білдірді.