Қазақстанда түрлі этностардың мәдениеті, тілі, салт-дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Біздің өңірде де солай. Аймақты мекен еткен өзге ұлт өкілдері барлық қоғамдық шараларға белсене қатысып, облыстың дамуына үлес қосып келеді. Кезекті рет бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп, армян халқының Ана мен сұлулық күнін сән-салтанатымен атап өтті

Әлемнің көптеген елдерінде нәзік жандыларға құрмет Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызбен шектелсе, Арменяда мерекелік көңіл-күй бір айға жалғасады. Дәстүр бойынша, бұл кезеңде ер азаматтар аналар мен қыз-келіншектерге айрықша ілтипат білдіріп, сый-құрмет көрсетеді.