Елімізде жастардың тың идеяларына қолдау білдіру үшін бірнеше бағдарлама іске қосылғаны мәлім. Соның бірі «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты. Жоба Қостанай өңірінде қалай жүзеге асып жатыр?

Жұпар Дүйсекова – Қостанай қаласында дамуында ерекшеліктері бар балаларды оңалту орталықтарын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етумен айналысатын арнайы кәсіптің негізін қалаған. Оның әлеуметтік жобаларға қатысып жүргеніне биыл үшінші жыл. Алғаш рет республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасына қатысып, үш миллион теңге грант ұтып алған. Өткен жылы облыстық жобада бағын сынап, «бизнес» саласы бойынша грант иегері атанған.