Облыстағы білім ошақтарында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы тестілеуден өту басталды. Қатысушылар оқыған кітаптары бойынша білімдерін сынайды. Әр оқушыға туынды мазмұнын қамтитын 45 сұрақ ұсынылады. Биыл мектепішілік кезеңге 30 мыңнан астам оқушы қатысуға ниет білдірген. Толығырақ тілші тарқатсын.
Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Қостанай, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында «Кітап оқитын ұлт» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл ауқымды интеллектуалды бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған. Негізгі мақсат - тұрақты оқу әдетін қалыптастыру. Нөмірі жетінші мектептің оқушысы, жоба қатысушысы Маргаританың айтуынша, бұл бастама кітапқа деген көзқарасын өзгерткен.