Қостанайда «Алтын микрофон» халықаралық байқауының облыстық кезеңі өтті. Өнер додасына аймақтың түкпір-түкпірінен 50-ге жуық жас таланттар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқаудың басты мақсаты - дарынды жастарды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және үлкен сахнаға жол ашу. Қатысушылар вокалдық шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, сахна мәдениеті мен орындаушылық деңгейін де паш етті.