Өңірде жылу беру маусымы аяқталуға жақын. Облыс орталығында көпқабатты баспаналар мен мекеме-ұйымдар біртіндеп жылыту жүйесін тоқтату бойынша дайындықтар жүргізуде. Осы орайда облыс әкімдігінде арнайы отырыс өтті. Басқосуда қауіпсіздікті сақтау, қазандықтарды дұрыс өшіру және жылуды үнемдеу шараларын ұмытпау керектігі ескерілді.