Бүгін Қостанайда облыстық балалар стоматологиялық емханасын жекешелендіру мәселесіне қатысты қоғамдық талқылау өтті. Оған аймақтық мәслихат депуттары, денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

Қазақстандықтар үшін жаңа жыл жекешелендірудің 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекітуден басталғаны белгілі. Иа, үкімет тапсырмасына сай, елде биыл 500-ге жуық нысан меншік иелігіне өтеді. Біздің өңірде де 50-ге жуық мекеме жекешелендіріледі деген жоспар бар. Олардың қатарында табиғи монополия субьектілері де, ветеринария станциялары мен мектепке дейінгі мекемелер де бар.