Қостанай қалалық екінші емханада дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай ашық есік күні өтті. Бұл шара тұрғындардың денсаулығын нығайтуға, аурудың алдын алуға және дәрігерлік кеңес алуға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында келушілер тегін тексеруден өтіп, білікті мамандардан кеңес алды.
Алмат Хәкімов емханаға жиі келіп тексеріліп тұратын тұрғындардың бірі. Бас ауырып, балтыр сыздаса бірден дәрігерге келетінін айтады. Бұл жолы да қан қысымын өлшетіп, қажетті талдаулар тапсырып, медицина қызметкерлерінен кеңес алды.