Қостанай облысында су тасқыны кезеңі ресми түрде аяқталды. Бұл жайында өңір басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді.
Аймақтың барлық аудандары мен қалаларында жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде қауіпті маусым кезінде бір де бір үйді су басқан жоқ. Төтенше жағдай да тіркелмеді. Айта кетейік, осыдан бір-екі ай бұрын 92 елдімекенде ұзындығы 54 шақырым болатын 32 қорғаныс бөгеті тұрғызылып, нығайтылған еді. 38 су өткізу құбыры орнатылып, 78 шақырым кәріз жүйесі тазартылды. Облыс бойынша 1600-ден аса жеке тұрғын үй ауласынан қар шығарылды.