Өңірде өрт қаупі жоғары кезең басталды. Қазір шаһар құтқарушылары қала тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын күшейтіп, рейдтік іс-шараларды қарқынды жүргізуде. Арнайы мобильді топ жасақталған. Қауіпті маусымда өрттің өсуіне және адам шығынының болуына жол бермеу керек. Сала мамандарымен өткен әкімдік отырысында қала әкімі осылай деді.

Облыс аумағында су тасқынының қаупі сейілгеніне де бір аптаның жүзі болды. Алайда, босаңсуға болмайды, дейді құтқарушылар. Себебі алда тағы бір маңызды – өрт қаупінің алдын алу маусымы жақын. Сала мамандарының сөзінше, былтыр дәл осы кезең аралығында 800-ге жуық өрт тіркелген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 9,2 пайызға көп.