Қостанай облысында биыл 5,1 млн гектар жерге дән себіледі. Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, өңір диқандары көктемгі науқанға сақадай сай. Биыл күн жылы, сондықтан алқаптағы жұмыс та жылдағыдан ерте басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы мәлім етті.

Өңірде қазіргі күні 514 мың тонна сапалы астық тұқымы дайын. Мемлекеттен 73 мың тоннаға жуық арзан дизель отыны бөлінген. Литрі 281 теңге. Оның 53 тоннасы шаруаларға жеткізілді. Қалғаны да кестеге сай тасымалдануы тиіс. Түрлі қаржы институттары арқылы дала жұмыстары үшін диқандарға 30 млдр теңге көлемінде несие берілді. Ал егіс науқаны мамыр айының ортасында басталуы тиіс.