«Адал азамат: ауыл мектебінің болашағы». Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия «Ауыл» партиясымен бірлесіп ауыл мектептерінің мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг өткізді. Шара аясында секциялық жұмыстар өткізіліп, мұғалімдерге заманауи үлгідегі бағыт-бағдар берілді.

Ауыл мұғалімі - мемлекетіміздің ертеңгі келбетін қалыптастыратын басты тұлға. Сағадат Әлмағамбетов - Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, ел ұстаздарының кәсіби шеберлігін шыңдап, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім алшақтығын жоюға септігін тигізіп келеді. Ол «Тед Толкс» форматында сөз сөйлеп, алғашқы минуттардан-ақ өңірлік мамандардың назарын өзіне аудара білді

https://youtu.be/B_Mgd88NAQw