Қыс біткенімен, өңірдегі су айдындарында мұз еріп біткен жоқ. Алайда кей балықшылар қауіпке қарамастан, балық аулауға шығып жүр. Жыл сайын Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мұздың үстіне шығуға болмайтынын айтып, дабыл қағып келеді.

Дәл қазір көктемгі су тасқынының кезеңі. Өзен-көлдердегі мұз ери бастады. Кей жерлерде қалыңдығы 5 сантиметрге де жетпейді. Жұқа мұз адам салмағына шыдамай, кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін, - дейді мамандар. Өткен жылы судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандар саны 60 мыңнан асқан. Оларға әртүрлі деңгейдегі айыппұлдар салынған. Бүгінге дейін 62 адам айыппұл арқалаған. Ал жыл басынан бері 12 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.