Ардагерлер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалы өткен жыл қорытындысын шығарып, алдағы міндеттерді айқындады. Осы орайда ұйым мүшелерінің басын қосқан есеп беру конференциясы ардагерлер қозғалысының бүгінгі тынысын, өзекті мәселелерін және келешек жоспарын жан-жақты қамтыған маңызды жиын болды

Басқосу барысында ұйымның атқарған жұмыстары сараланып, әлеуметтік қолдау, патриоттық тәрбие және ардагерлердің өмір сапасын арттыру бағытындағы нәтижелер сөз болды. Филиал төрағасының айтуынша, былтыр ардагерлерге медициналық көмек көрсету, тұрмыстық жағдайын жақсарту және мәдени-рухани шараларға тарту ісі жүйелі жүргізілген.