Облыс орталығында «Алтын қазына» балалар көркемсурет және қолөнер көрмесі мен байқауының аймақтық кезеңі өтті. Сайысқа 11 жастан 17 жасқа дейінгі жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары қатысты. Дарынды балалардың басын қосқан іс-шара олардың шығармашылық қабілетін шыңдауды көздейді.