Қостанай облысында 70-ке жуық маңғыстаулық бала «Жарқын болашақ» жобасы аясында білім алып жүр. «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен «Samruk-Kazyna Trust» қаржыландырған, «Bilim Foundation» корпоративтік қоры жүзеге асырған игі бастама жастардың әлеуетін дамытуды көздейді. Осыдан төрт жыл бұрын басталған бағдарламаның білім беру мүмкіндіктері қандай?

«Жарқын болашақ» жобасы – елде 2022-шы жылы іске қосылған. Ерекшелігі – игі бастамаға тек Маңғыстау облысында тұратын 12-22 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады. Бүгінгі күні бағдарлама бойынша 1100 бала грант иегері атанып, еліміздің 11 ірі қаласында сұранысқа ие мамандықтарды тегін игеруде. Ал Қостанайда талапкерлер IT, медициналық, техникалық және педагогикалық бағытта тегін білім алуда