Қостанайда «Қонай» шағын ауданынан жер телімін алу процесі жаңа кезеңге өтеді. Кезекте тұрған азаматтарға хабар беру 13 сәуірден басталып, учаскелерді рәсімдеу толықтай электронды форматта жүргізіледі.

Қостанайдағы «Қонай» шағынауданында жеке тұрғын үй салуға арналған жер телімдерін бөлу кезеңі басталғалы отыр. Өткен жылдың қыркүйегінде барлық жер учаскелерінің шекарасы белгіленіп, межелеу жұмыстары толық аяқталған. Негізінен 8 сотықтан қарастырылған телімдер инженерлік инфрақұрылымға байланысты әртүрлі пішінде бөлінген.