Қостанайда есірткі жарнамасына қарсы кең ауқымды акция өтті. Шара аясында 100-ден астам ерікті мен құқық қорғау органдары жұмылып, қаладағы күмәнді жазуларды жою жұмыстарын жүргізді.
Еріктілер бірнеше топқа бөлініп, арнайы автобустарға жайғасып, белгіленген мекенжайларға аттанды. Бұған дейін полиция қызметкерлері мен есірткі қылмысына қарсы арнайы топ рейд жүргізіп, күмәнді жазуларды анықтаған. Сонымен қатар, волонтерлар да өздеріне бекітілген аудандарды аралап, заңсыз жазуларды өз бетінше іздестіріп, жойып жатыр.