Қостанайда «Bolashak Construction Company KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысына қатысты сот үкімі шықты. Тура төрт жыл бұрын салымшылар дәл осы құрылыс компаниясына үй аламыз деп ақша салып, ақыры баспанасыз қалған.
Жұртшылықтың сеніміне кіру мақсатында айыпты деп танылған тұрғын әлеуметтік желілерде жарнамалық науқан жүргізіп, кеңсе де жалдаған. Сондай-ақ, «Юнити Трейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де айыпталушыдан коммерциялық үй-жайды сатып алған. Алайда нысан жаңа меншік иесіне қайта рәсімделмеген. Іс алаяқтық дерегі бойынша сотқа жолданған.