Қостанай облысы аумағында 20-шы наурыздан бастап балықтар уылдырық шаша бастады. Ол, маусым айының соңына дейін жалғасады. Осыған байланысты жыл сайын өткізілетін Нерест» акциясы басталды.

Наурыз айының соңы - су айдындарында балықтардың және басқа да су мекендеушілерінің көбею кезеңі. Бұл уақытта балық аулауға тыйым салынады. Шектеулер кәсіби әрі әуесқой балықшыларға да қолданылады. Осыған орай Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік инспекциясы балық шаруашылығы бөлімі өкілдері күшейтілген кестеде жұмыс істеуде.