Сәуір болмай, тәуір болмас. Көкөзек көктем кеп, күн жылынып, жер-аяғы кеңейе бастағанда дихандар қауымы егіс жұмыстарының қамына кіріседі. Техникасын сайлап, алқап ахуалын ойлап, тәуекелге бел байлайды. «Жиын-терім науқанында қамбамыз қаншалықты толарын болжап айту әзірге қиын. Оған түрлі фактор әсер етеді. Күн райының қолайлылығын бағамдап, топырақ жібігенде көктемгі егіс жұмыстарын бастаймыз» деп отыр. Қамыстыдағы дала жұмыстарына дайындық деңгейін таразылау мақсатында аудан басшысы жергілікті дихандар қауымының басын қосып, келе жатқан маусым аясында кеңейтілген отырыс өткізді.

Кездесу барысында тұқым сапасы мен оның жеткіліктілігі де сөз болды. Мамандар сапалы тұқым – мол өнім кепілі екенін атап өтті. Сондықтан бұл мәселеде немқұрайдылыққа жол бермеу керектігі ескертілді.