Облыста жастар шығармашылығын қолдауға бағытталған дәстүрлі «Студенттік көктем – 2026» фестивалі өтті. Ауқымды жоба биыл да өңірдің үздік жастарын бір алаңға жинады. Әрбір қатысушы өз өнерін шыңдап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Фестивальге облыстың 7 жоғары оқу орнынан келген ең талантты әрі белсенді студенттер қатысты. Бір айға жуық уақытқа созылған мәдени жоба аясында 14 түрлі іс-шара ұйымдастырылған. Олардың қатарында концерттік бағдарламалар, шығармашылық байқаулар, театр қойылымдары, вокалдық және би өнері көрсетілімдері, сондай-ақ студенттердің авторлық жобалары ұсынылды.
«Студенттік көктем» – жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған мәдени жоба. Ол студенттердің бастамаларын қолдап, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етпек. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, заманауи өнерге деген тың көзқарастарын паш етті.