Қостанайда дәстүрге айналған музыка кеші – халықаралық дирижерлар форумы өтті. Тоғызыншы рет ұйымдастырылған форум аясында Қазақстанның әр өңірінен және жақын шетелден келген он екі кәсіби дирижёр еуропалық классиканың жауһар туындыларын ұсынды. Маэстролар облыстық филармонияның камералық оркестрімен бірлесіп өнер көрсетті.

Дирижёр таяқшасы – ырғақтың өзегі, ал әр қол қимылы әуеннің шарықтауы мен нақтылығын айқындайды. Бұл – эмоцияға толы өнер. Сахнада бірнеше аспаптың үйлесім табуы көпшілікті керемет әсерге бөледі.