Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Қостанай облысы бойынша жүргізген мемлекеттік аудит қорытындылары бірқатар олқылықтарды анықтағаны мәлім. Аудит барысында қазына қаражатын игеру тиімділігі, қаржының мақсатты жұмсалуы және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу деңгейі қарастырылған. Қостанайда өңір басшысының қатысуымен өткен жиында орын алған кемшіліктерді түзету мәселесі қаралды.