Көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлесуге болмайтынын білсе де, қостанайлық жүргізушілердің көбі бұны елемейді. Полицейлер жүргізген рейд шарасы осыны көрсетті. Оның барысында ереже бұған 1800-ден астам факті тіркелген.

Қазақстанда жүргізушілерге көлік тізгінінде отырғанда телефонды қолда ұстауға тыйым салынған. Қозғалыс кезінде гаджетті пайдаланудың кез келген түрі құқықбұзушылық болып есептеледі. Айыппұл тек сөйлескені үшін ғана емес, түрлі қосымшаларды, соның ішінде навигаторды қолданғаны үшін де салынады. 12 наурыздан бастап мұндай құқықбұзушылықтар арнайы камералар арқылы анықталып, хаттамалар автоматты түрде рәсімделеді.