Бейімбет Майлин ауданында тасқын қаупі сейілді. Қауіпті кезеңде ешбір үйге су кірген жоқ. Аймақ басшысы бастаған арнайы топ Әйет пен Красноселькое ауылдарын байланыстыратын көпірге арнайы барып, аудандағы ахуалды тағы бір пысықтады.

Қазіргі таңда Қаратомар су қоймасында әлі де 250 млн текше метр бос орын бар.толу деңгейі 62 пайыз. Сондықтан, дабыл қағудың қажеті жоқ. Ал соңғы бірнеше күнде Әйетке Ресей Федарациясынан су жіберу тоқтатылған. Дәл осы сәтте өзенде мұз кептелісін болдырмау жұмыстары жалғасып жатыр.