Қостанайлық мектептер жасанды интеллект пен заманауи технологияларды білім процесінде сәтті пайдалануда. Оқу ордаларында онлайн платформалар іске қосылып, цифрлық ресурстар енгізіліп жатыр.
Заречный кентіндегі №1 мектеп сандық технология мүмкіндігін тиімді пайдаланып жүрген білім ошақтарының бірі. Ұстаздардың сөзінше, интерактивті тақталар мен планшеттер оқу процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Мәселен, TopIQ жүйесі жасанды интеллектпен жабдықталып, интернетсіз жұмыс істейді. Ерекшелігі – ол жылжымалы. Құрылғы оқушылардың білім алу үдерісін жеңілдетіп қана қоймай, сабақтың мазмұнын қызықты әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.