«Құқықтық көмек керуені». Қостанай облысында осындай атаумен мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының өкілдерінен құралған көшпелі науқан басталды. Бірінші кездесуде 164 азаматты қабылдап, кеңес берген акция бір ай бойы жалғасады.

Ауылдағы ағайынның мұң-мұқтажын тыңдап, өзекті мәселелерді заң аясында шешу жолдарын түсіндіретін жиын Мичурино ауылынан бастау алды. Халық арасында қордаланған мәселелер аз емес. Оны тұрғындардың билікке жеткізуі ашық әрі қолжетімді болуы тиіс. «Құқықтық көмек керуені» бұл ретте, таптырмас мүмкіндік.