Соңғы жылдары Тобыл өңірін цифрлық трансформациялау негізі ретінде телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша дәйекті және жүйелі жұмыс жүргізілуде. Елде жарияланған цифрландыру және жасанды интеллект жылы жағдайында халықтың заманауи байланыс және интернет қызметтеріне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету азаматтардың өмір сүру сапасына, аумақтың инвестициялық тартымдылығына және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін стратегиялық міндет ретінде қарастырылады.
2025- жылдың қорытындысы бойынша облыс орталығында жалпы сомасы шамамен 242 млн теңгені құрайтын 6 негізгі цифрлық жоба іске асырылған. Басым бағыттардың қатарында – Ситуациялық орталық пен «AiKey» ақпараттық жүйесін дамыту, коммуналдық салада цифрлық бақылау сервистерін енгізу, сондай-ақ тұрғындарға арналған 78 қызметті біріктіретін «Smart Qostanai» қалалық цифрлық платформасын дамыту бар.