Елімізде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері саяси-ағартушылық бағытта белсенді қызмет атқарып, этносаралық қарым-қатынас бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстарын өткізіп келеді. Осындай кездесулердің бірі Қостанай гуманитралық колледжінде ұйымдастырылды.
Қазақстанда 130-дан астам энос өкілдері тұрып, мәдениетіміз сан алуан нышандардан тұрса да, біз біртұтас Қазақстанның мүшелеріміз, - дейді Ассамблея мүшелері. Олар жастарға елдегі бірлік пен өзара түсіністікті сақтаудың қыр-сырымен бөлісуде. Сондай-ақ кейде қарапайым тұрмыстық түсініспеушілік үлкен жанжалға ұласуы мүмкін болғандықтан, студенттерге кез келген мәселені бейбіт жолмен шешудің маңызы түсіндірілді.