Жоғары білікті оқытушылар, білім беру тәсілдерінің артықшылығы. Жарты ғасырдан астам тарихы бар Жітіқара политехникалық колледжі - тау-кен өнеркәсібіндегі жетекші орта мамандандырылған оқу орны. Онда 600-ге жуық студент білім алады. Кәсіптік білім беру орнында бірқатар мәселелер де бар. Соның бірі жастар арасында жұмысшы мамандықтарға деген сұраныстың төмендеуі. Бұл мәселе колледж қабырғасында өткен дөңгелек үстелде талқыланды.

Колледжде 11 мамандыққа оқу күндізгі және сырттай оқу,а болады, ал 13-і біліктілік бойынша жүргізіледі. 54 педагог 566 студентке білім береді. Сондай-ақ, Жітіқара, Қамысты және Денисов аудандарының 45 тәлім алушысы 60 орындық жатақханамен қамтылған. Кәсіптік білім беру ордасы облыс аумағындағы кәсіпорындарға мамандарды мақсатты түрде дайындайды.