Айыптаушы мен айыпталушы. Прокурор мен адвокат. Судья мен куәгер. Сот отырысы іс жүзінде қалай өтеді? Қостанайда заң факультетінің студенттері үшін сот процесі ойын түрінде ұйымдастырылды. Шара, жастарға заң мәдениетін үйрету, құқық бұзушылық салдарын түсіндіру және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды тәрбиелік алаңға айналды. Нәтижесінде студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алды.

«Ойын соты» шарасы сот процесінің интерактивті үлгісін көрсетті. Қатысушылар сот талқылауының ерекшелігіне тоқталып, тараптардың дәлелдемелерін келтірді. Және заңнамалық процестің рәсімдік аспектілерін тәжірибе арқылы бағамдады.