Біз бұған дейінгі хабарымызда облыс орталығында мас күйдегі агрессивті топтың тәртіп сақшысына күш көрсеткені туралы айтқанбыз. Осы іске қатысты Қостанай қалалық прокуратурасы бүгін мәлімдеме жасады

Еске салсақ, полиция өкілі кәмелетке толмаған балаларымен бірге жүрген сәтте қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарға ескерту жасаған. Алайда құқық бұзушылар қарсылық танытып, ашық шабуылға көшкен. Күдіктілердің барлығы дереу анықталып, ұсталды. Қостанай қаласының прокуратурасы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Іс құзырлы органның бақылауында.