Аймақта сыйымдылығы 1,4 млрд текше метрді құрайтын екі ірі су қоймасының толу деңгейі 70 пайызға дейін жеткен. Бүгінгі күні нысанда жағдай тәулік бойы бақылауда. Сондай-ақ, оңтүстік өңір мен Қарасу ауданында тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді. Қауіпті аймақтағы елді-мекенденнің біріндегі ахуалмен облыс әкімі арнайы барып танысты.
Қарамырза ауылында бүгінгі күні 143 тұрғын үй бар. Былтыр мұнда қауіпті аймақта орналасқан 56 аулаға қорғаныс үйінділері жасалған. Жақында тағы да мың қап төселген. Төтеншеліктердің айтуынша, биыл елді-мекенде жылдағыдай қауіп байқалмайды. Қазіргі таңда мұнда 3 бірлік техника жұмыс істеп тұр. Топан су келсе, 70-ке жуық жеке құрам азаматтары көмекке келуге дайын .