Халықаралық дирижерлер форумы – өнердің асқақ әлемінде жаңғырық тапқан ерекше оқиға. Бұл форум – кәсіби шеберліктің сайысы ғана емес, ол – рухани үндестік пен шығармашылықтың тоғысқан тұсы. Мәдени жоба Қостанайда жыл сайын ұйымдастырылып, игі дәстүрге айналды. Биыл да өз жалғасын тапты.
Дирижер – жай ғана оркестрді басқарушы емес, ол – үн мен сезімнің арасындағы алтын көпір. Форум барысында әрбір дирижер өзіне тән болмысын, ішкі әлемін, музыкалық ойлау жүйесін оркестр арқылы сөйлетеді. Қол қимылының әрбір нәзік иірімі, көзқарастың әрбір терең мәні – тыңдарман жүрегіне жол тапқан сырлы әуенге айналады.