Қостанайда «Кітап оқитын ұлт» жобасы жалғасуда. Жоба «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет» және «Кітап оқитын мемлекеттік қызметкер» атты алты бағытты қамтиды.
Жобаға түрлі сала өкілдері – оқушылар, студенттер, педагогтер, мемлекеттік қызметкерлер және отбасылар қатысуда. Нәтижесінде ең белсенді, әрі іздемпаз қатысушы 1 млн теңге ақшалай сыйақы алады. Алайда, қатысушылардың айтуынша, олар байқауға жүлде үшін емес, ең алдымен жеке дамуы мен білімін арттыру мақсатында қатысып отыр.