Қостанай облысында өткен референдумға жүргізілген мониторинг нәтижелері жария етілді. «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясы қорытынды брифинг өткізді.
Айтуларынша, өңірдегі азаматтардың өз таңдауын жасаған күні жоғары азаматтық ұстаныммен ғана емес, ерекше мерекелік атмосферамен де есте қалған.
Бақылау барысында қандай да бір заң бұзушылықтар мен оқыс жағдайлар тіркелген жоқ. Бақылаушылар референдумға алдын ала дайындалған. Бес аптаға жуық уақыт бойы аймақ бойынша оқыту семинарлары өткізілді. Бұл семинарларда бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері, референдум учаскелерінде жұмыс істеу тәртібі және ықтимал бұзушылықтарды тіркеу рәсімдері түсіндірілді. Барлығы шамамен 1400 адам оқытудан өткен.