Айтыстың ақтаңгері, «Алтын домбыра» иегері жерлесіміз Айбек Қалиев Костанай облысында референдум аясында ұйымдастырылған «Жұлдызбен селфи» жобасына қатысты.
Қостанай қаласындағы №104 референдум учаскесіне келген тұрғындар Айбек Қалиевпен және «Алтын домбыра» жүлдесімен естелік суретке түсіп, шат-шадыман болысты. Ұйымдастырушылар мұндай шаралардың азаматтық белсенділікті арттырып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлайтынын атап өтті.